Ссылки доступа

Өзбекстан алты жыл содырлармен бірге тұрған әйелді балаларымен елге қайтарды


Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі алты жыл бойы терроршылар арасында балаларымен бірге тұрған әйелді Түркиядан еліне қайтарды.

УзА агенттігінің 21 ақпанда хабарлауынша, ағайынды Ильхом және Эркин Тураевтар 2011 жылы Ресейде жұмыс істеп жүрген уақытта Өзбекстан ислам қозғалысының ықпалына түскен.

Ильхом Тураев әйелі Холбиби Кучирова мен балаларын Ресейге шақыртқан. Бірақ олар 2013 жылы Өзбекстанға депортацияланған. Эркин Тураев Ресей арқылы Стамбулға өтіп, оларды Түркияға шақыртып алған.

Мақалада Эркин Тураевтың Стамбулда "Ислам мемлекеті" тобының ықпалына түскені айтылған. Оның бауыры Ильхом Тураев та солардың қатарына қосылған.

"2013 жылы мен шетелде діни ұйымға қосылдым. Стамбулда балаларыммен бірге пәтер жалдап тұрдық, балалардың ешқандай құжаты болмады. Он жасқа келген үлкен балам мектеп оқи алмады. Өзбекстанға қайтқым келді, бірақ жағдай болмады. Қазір балаларыммен бірге туған үйімде тұрып жатырмын, президентке үлкен рахмет", деді Холбиби Кучирова.

Қазір Ильхом Тураев Сурхандария облысы Шерабад ауданындағы колонияда жазасын өтеп жатыр.

XS
SM
MD
LG