Ссылки доступа

Алмазбек Атамбаев 2020 жылғы парламенттік сайлауда ҚСДП тізімін бастап тұр


"Біздің тізімнің басында Алмазбек Шаршенұлы тұрады", - деп мәлімдеді ҚСДП мүшесі, депутат Әсел Кодуранова.

Оның айтуынша, сайланған жағдайда Алмазбек Атамбаев парламентке бару-бармау мәселесін өзі шешеді. Ол Атамбаев ешқандай мемлекеттік қызметке барғысы жоқ екенін айтып өтті.

Қырғызстан социал-демократиялық партиясының баспасөз конференциясы партия басқаруында жаңа органдардың - 7 комитет пен бір кеңестің пайда болғанына арналған.

Социал-демократиялық партияның төрағасы Алмазбек Атамбаев 2-3 айда партия толығымен жаңарады деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG