Ссылки доступа

Бішкекте биік ғимараттан құлаған қыздың жағдайы ауыр


Бішкекте "Тунгуче" көпқабатты үйдің 6-қабатынан құлаған қыздың жағдайы ауыр. Осылай деп қалалық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері Данияр Шайбеков хабарлады.

Оның сөзінше, 25 ақпанда қызды тексеруден өткізіп, әрі қарай қалай емдеу керектігін шешпек.

20 ақпанда Октябрь аудандық ішкі істер департаментіне қыз көпқабатты үйдің терезесінен секірмекші деген ақпарат түскен. Қыз алтыншы қабатта тұрған. Есік жабық болған, сыртта тұрғандардың айқайы мен өтініші қызға әсер етпеген. Милиция қызметкерлері терезе тұсына кілем төсеп тұрған. Қыз терезеден секірген. Ол кілемге құлағанымен, ауыр жарақат алған.

Зардап шеккен қыз 17 жаста. Алдын ала ақпарат бойынша, терезесінен құлаған пәтерде ол балаға қарайтын әлдиші болып жұмыс істеген.

XS
SM
MD
LG