Мұндай ақпарат Венесуэла армиясының ресми твиттерінде пайда болды. 23 ақпанда Венесуэлаға гуманитарлық көмек келу керек болған.
Шекараның толық жабылғаны жөніндегі ақпаратты елдің вице-президенті Делси Родригес те хабарлады. "Боливар үкіметі Колумбия үкіметінің Венесуэла егемендігіне қатер төндіретін шешіміне байланысты Симон Боливар, Сантандер мен Унион көпірлерін жапты", – деп жазады Родригес.
Колумбия жағында шекара Кукут қаласында орналасқан. Осы шекарадан АҚШ-тан келетін гуманитарлық көмекті кіргізу керек болған. Бірақ билік бұл елдегі жағдайды өзгерту құралы болуы мүмкін деп отыр.
Кукутта Венесуэланың өзін өзі жариялаған президенті Хуан Гуайдо бар. Елдің Жоғарғы соты оған елден шығуға тыйым салған. 22 ақпанда Гуайдо Колумбияда Венесуэла халқына гуманитарлық көмек жинаған қайырымдылық шарасына қатысқан.