Ссылки доступа

Тәжікстанда балаларды жаппай сүндетке отырғызу науқаны басталды


Тәжікстанда балаларды міндетті түрде сүндетке отырғызуға шақыратын науқан басталды.

Аймақтағы дәрігерлерге әлі сүндеттелмеген балалардың тізімін жасау тапсырылған. Медбикелер ауыл ауылды аралап, балаларды емханаға шақырып жүр. Душанбеде жеке емхананың бірінде дәрігер болып істейтін Мехрубон Тешаеваның айтуынша, бір жасқа дейінгі балаларды тегін сүндеттейді.

Душанбенің барлық емханасында сүндетке отырғызу бөлмелері ашылған. Ауылдарда арнайы медициналық бөлімшелер қызмет көрсетеді. Былтыр Тәжікстанның медициналық мекемелерінде арнайы 586 бөлме ашылған.

Тәжікстанда 2017 жылы салт-дәстүрлер жөніндегі заңға өзгерістер енгізілген. Оған сәйкес, бала туғаннан кейін 20 күн ішінде сүндетке отырғызу керек.

Ресми мәлімет бойынша, 2018 жылы Тәжікстанда 80 мың бала сүндетке отырғызылған.

XS
SM
MD
LG