Ссылки доступа

Өзбекстанда туыстар арасындағы некеге тыйым салынбақ


Өзбекстанда туыстар арасында некеге тыйым салынбақ деп хабарлайды жергілікті БАҚ елдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Осыған сәйкес, Өзбекстанның Отбасылық кодексінің 16-бабына туыстар арасындағы некеге тыйым салынатын өзгерістер енгізу ұсынылған.

Қолданыстағы заңға сәйкес, тек болашақ жұптың бірі психикалық ауруға шалдықса не үйленген болса, некеге тұруға тыйым салынады делінген. Сонымен бірге туған бауырларға бір-бірлеріне үйленуге болмайды.

Енді жаңа заң жобасы бұл бапқа толықтырулар енгізуді көздейді. Қазіргі заңға сәйкес, ер адамға 18 жасында, бойжеткенге 17 жасында шаңырақ көтеруге рұқсат берілген.

Бірақ белгілі себептерге байланысты (қыздың аяғы ауыр болса, т.б.) неке жасын бір жылға төмендетуге болады.

XS
SM
MD
LG