Ссылки доступа

Назарбаев Асқар Маминды премьерлікке ұсынды


Дүйсенбі, 25 ақпанда Астанада парламент мәжілісінің жалпы отырысына қатысқан Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр қызметіне осы қызметті уақытша атқарып отырған Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынды.

53 жастағы Асқар Мамин бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары, Астана қаласының әкімі, көлік және коммуникация министрі болып істеген, оған дейін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясын басқарған.

21 ақпанда Назарбаев мәлімдеме жасап, үкімет жұмысын сынағаннан кейін Бақытжан Сағынтаев басқарған министрлер кабинеті тараған. Президент жаңа премьер-министр тағайындалғанға дейін үкімет жетекшісі қызметін атқаруды Асқар Маминге жүктеген еді.

XS
SM
MD
LG