Ссылки доступа

HRW: Шарофиддин Гадоев Тәжікстанға өз еркімен оралмаған


Шарофиддин Гадоев
Шарофиддин Гадоев

Халықаралық адам құқықтарын қорғаушы төрт ұйым Ресей мен Тәжікстанды тәжік оппозициясының қуғындағы жетекшілерінің бірі Шарафиддин Гадоевті заңсыз ұстап, Душанбеге мәжбүрлеп қайтарған деп айыптады.

Орталық Азия мигранттарын қауымдастығы, "Орталық Азиядағы адам құқықтаы" қауымдастығы, Human Rights Watch және Норвегиялық Хельсинки комитеті білескен мәлімдемені жексенбі, 24 ақпанда жариялалы.

Шетелдегі тәжік оппозициясын біріктірген Тәжікстан Ұлттық Альянсының мүшесі Шарофиддин Гадоев 13 ақпанда Мәскеуде Ресей қауіпсіздік кеңесінің өкілдерімен кездеуге барып, 15 ақпанда Тәжікстанға тап болған.

Тәжікстан ішкі істер министрлігі жасаған істеріне өкінген Гадоев отанына өз еркімен оралды деп хабарлаған. Артынша әлеуметтік желіде жарияланған видеода Гадоев Тәжікстанға өз еркімен келгенін мәлімдеген. Әлеуметтік желілерде оның отбасымен бірге түскен көптеген суреттері жарияланған.

Дегенмен HRW​ өкілі Стив Свердлов бұның барлығы әдейі ұйымдастырылған деп отыр. "Шарофиддин Гадоев Ресейде еркінен тыс ұсталған, оны ұрып-соққан, Тәжікстанға жіберген, енді оны қолдан жасалған айыппен соттайды", - деді Свердлов.

Гадоевтың туыстары мен тергеуге жақын дереккөздер HRW ұйымына Ресей мен Тәжікстанның арнайы қызметтері саясаткерді Мәскеуде күшпен ұстап, Душанбеге ұшақпен жібергенін хабарлаған.

19 ақпанда Тәжікстан Ұлттық Альянсының әлеуметтік желіге жариялаған видеосында Гадоев тәжік билігінің өз еркімен еліне қайтты деген мәлімдемесіне сенбеу керектігін, оны күшпен ғана алып кетуі мүмкін екендігін алдын ала ескерткен.

XS
SM
MD
LG