Ссылки доступа

Қырғызстан құрамасының футболшысы Рустамов тәжіктің "Худжанд" клубына өтті


Қырғызстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Турсунали Рустамов тәжіктің "Худжанд" клубының ойыншысы атанды. Футболшы бір жылдық келісімшартқа отырды. Бұл туралы Қырғызстан футбол федерациясы хабалады.

Рустамовтың айтуынша, ол Ташкентке "Әндіжан" командасымен келісімге отыруға барған, бірақ шарт ережелеріне келіспеген. Сол уақытта "Худжанд" өкілдерінен ұсыныс түскен. Тәжік командасы бұл уақытта Ташкентте жаттығып жатқан.

"Жаңа клубтағы алғашқы ойынымды самарқандық "Динамоға" қарсы өткізіп, ойын басында гол соқдым. Командаға жақсы ойыншылар жиналған. Олар мені жақсы қарсы алды", деді Рустамов.

"Худжанд" - Тәжікстанның солтүстігіндегі Худжанд қаласының футбол клубы. 1992 жылдан бері елдің жоғарғы лигасында өнер көрсетеді. Өткен жылы клуб республика чемпионатында екінші орын алған.

XS
SM
MD
LG