Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бистаев Қылмыстық кодекстің "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру" аталатын 174-бабы бойынша күдікке ілінген.
Баспасөз қызметінің хабарынша, 22 ақпанда сот Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы тергеушісінің шағымын қанағаттандырып, бұлтарпау шарасы ретінде Манас Бистаевты екі айға қамауға алған.
Бистаевтың қамауға алынған мерзімі 20 ақпаннан басталады.