Ссылки доступа

Өзбекстанда мұғалім оқушының қолын таяқпен ұрып сындырған


Өзбекстанда Сұрқандария облысы Денау ауданындағы № 74 орта мектепте география пәнінің мұғалімі А.Э. 18 ақпанда бесінші сынып оқушысының қолын таяқпен ұрып сындырған. Баланың анасы жергілікті билік бұны жасырып отыр деп мәлімдеді.

Мектеп директорының хабарлауынша, оқушы қолын ұрып сындырған мұғалім 19 ақпанда өз еркімен жұмыстан кеткен. Аудандық прокуратура оқиғаны зерттеп жатқаны белгілі болды.

Оқушының анасы Максуда Ниязова 18 ақпанда баласы сабақтан жылап келген. "Түнімен қолы ауырып шықты. Ертесіне дәрігерге бардық. Қолы сынғанын анықтады. Гипс салды. Одан соң дәрігерлер милицияға хабарлады", - деді ол.

Мектеп директоры Рукия Хакимованың айтуынша, ата-аналар география пәнінің мұғаліміне бұған дейін шағым айтып келген.

Оқуның анасы мұғалімді жауапқа тартуын сұрап, аудандық прокуратураға шағым түсірген.

XS
SM
MD
LG