Ссылки доступа

Қырғызстандағы "Сапат" мектебі мұғалімдердің оқушыларға тиісу фактілерін тексереді


"Сапат" (бұрынғы "Себат") лицейлерінің басшылығы білім мекемелерінде мұғалімдедің оқушыларға тиісу жағдайларын тексереді. Соңғы күндері лицей түлектері #metoosebat хэштегімен түрлі оқиғалар туралы ашық айта бастаған.

Мекеме басшысы Нұрлан Құдайбердиева тексеру жүргізілетінін мәлімдеді. "Бұл хэштегпен лицейді 10-15 жыл бұрын бітіріп кеткендер жазуы мүмкін. Соған қарамастан, біз пост авторларымен хабарласамыз. Олардың жазғандары рас болса, кінәлі мұғалімдер жұмыстан шығарылады", - деді ол.

Соңғы бірнеше күнде Twitter әлеуметтік желісінде "Сапат" түрік лицейлерінің бұрынғы түлектері оқу кезінде тап болған келеңсіз жайттарды #metoosebat хэштегімен тарата бастады. Олар мұғалімдердің қырындағаны, мазақ қылғаны және қол көтергені туралы да жазды.

Түріктің дін насихаттаушысы Фетхуллах Гүленнің жақтастары ашқан делінетін түрік лицейлерінің Қырғызстандағы желісі - "Себат" 2017 жылы қайта тіркеуден өтіп, "Сапат" деп атала бастады.

2016 жылы Түркия "гүленшілдердің" Қырғызстанға күшті ықпалы туралы мәлімдеп, түрік лицейлерін жабуды талап еткен. Қырғызстанның сол кездегі басшылығы Анкараның бұл өтінішін орындаудан бас тартты. Сол кезде президент болып отырған Алмазбек Атамбаев түрік билігі Қырғызстанның ішкі ісіне араласты деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG