Ссылки доступа

Алматы соты Әділ Тойғанбаевтың мүлкін тәркілеу шешімінің күшін жойды


Алматы қалалық соты төменгі инстанция сотының Қазақстан азаматы, Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаевтың қызының бұрынғы күйеуі Әділ Тойғанбаевтың мүлкін тәркілеу туралы шешімді алып тастады.

20 ақпанда апелляциялық комиссия адвокаттың өтінішін қанағаттандырып, Медеу аудандық соты шешімінің күшін жойған. Бұл жайында Tengrinews сайты Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Диас Махамбетовке сілтеме жасап хабарлайды.

Бішкектегі Бірінші май аудандық соты 2017 жылы 20 жылға сырттай сотталған Тойғанбаевтың мүлкін тәркілеу туралы оның тұратын жеріне байланысты Қазақстанға өтініш түсірген. Тұңғыш президенттің бұрынғы күйеу баласына зардап шегуші тарап "Манас халықаралық әуежайына 677 млн сом (9,7 млн доллар) айыппұл төлеуді талап еткен.

«Алматы соты неге мұндай шешім шығарды? Қазақстанның Қылмыстық-процессуалдық кодексіне сәйкес, Бішкектің Бірінші май аудандық соты өтінішті Қазақстанның Бас прокуратурасына жіберу керек. Бұл шетел сотының үкімін орындауға байланысты шешім шығаратын жалғыз орган. Сол себептен апелляциялық сот осындай шешім шығарды», - деген Диас Махамбетов.

Асқар Ақаев 2005 жылы революциядан кейін биліктен кетті. Оның үлкен қызының бұрынғы күйеуі Әділ Тойғанбаевқа алаяқтық жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғап, халықаралық іздеу жариялаған. Ол 2013 және 2014 жылдары Алматыда және Мәскеуде ұсталған. 2016 жылдың наурыз айында Тойғанбаев Дубайда ұсталды. Бірақ кепіл беріп бостандыққа шыққан.

XS
SM
MD
LG