Ссылки доступа

Түркімен президенті демалысын "түркіменше" гольф ойнаумен өткізген (видео)


Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов өткен демалысында Ашхабад солтүстігіндегі тұрғы-үй құрылысымен танысып, спорттық көлік жарысына қатысып, гольф ойнаған.

Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат агенттігі (ТДХ) хабарлағандай, Гурбангулы Бердімұхамедов Автоспорт орталығына барып, жаңадан келген спорттық көліктерді көрген. Бұл президенттің жарысқа арналған спорттық көліктерге әуес екенін көрсететеді.

Жексенбіде Бердімұхамедов қаладағы гольф-клубға барған. Оның жанында үкімет мүшелері мен Ашхабад әкімі еріп жүрген.

Түркіменстанның мемлекеттік телеарналары Бердімұхамедовтің гольф-карда отырып, жанындағы адамдарға гольф туралы лекция оқып тұрғанын көрсетіп жатты. Ол гольфтың түркіменнің "чилик" спорттық ойынына өте ұқсайтынын айтқан.

2017 жылы Түркіменстанда экономикалық дағдарыс басталған уақытта Ашхабадта салтанатты түрде гольф-клуб ашылған.

XS
SM
MD
LG