Ссылки доступа

Өзбекстан қырғыз картобын сатып ала бастады


Өзбек компаниялары, жаңа келісім бойынша, Қырғызстаннан картоп сатып ала бастады. Бұл туралы қырғызстандың ауыл шауашылығы министрі Нұрбек Мурашев хабарлады.

"5 мың тонна картоп жеткізу туалы келісім қабылданды. Бұған қоса ондаған компания картопты келісімсіз тікелей сатып алады. Біз оларға барлық жағдайды жасаймыз", - деді ол.

Картоптың бір келісі 5,5-7,5 сом (0,086$) тұрады.

2018 жылдың басында ауыл шаруашылығы министрі Нұрбек Мурашев картоп пен жүгеріні Өзбекстанға экспорттау туралы келісім жасалды деп мәлімдеген.

Дегенмен күзде қырғыз шаруалары картопты өткізе алмай қалғанына шағымданды. Олар үкіметтің уәдесіне сеніп қалған. Кейбір мәліметтер бойынша, Өзбекстан жазда қырғыз картобын алуға тыйым салған.

Бұл мәселе Қырғызстанның үкіметі мен парламентінде бірнеше мәрте талқыланды. Депутаттар, премьер-министр және президент елдің ауыл шаруашылығы министрі Нұрбек Мурашев жұмысын сынаған.

XS
SM
MD
LG