Ссылки доступа

Тәжік қойшысы ауғандық есірткі сатушылар тұтқынынан босатылды


Таджикский кишлак на границе с Афганистаном
Таджикский кишлак на границе с Афганистаном

Биыл 1 қаңтарда шекараға жақын маңда ауған есірткі сатушыларының қолына түсіп қалған 42 жастағы қойшы Турахон Нурматов босатылып, еліне қайтарылды.

Куляб қаласы күш құрылымындағы дереккөз мәліметі бойынша, тәжік қойшысын 22 ақпанда арнайы операция арқылы тұтқыннан босатып алған.

Бұдан басқа мәлімет таратылған жоқ. Операцияның қай елдің аумағында өткені туралы да мәлімет берілмеді. Қаңтар айында Турахон телефонмен туыстарына хабарласып, Ауғанстанда екенін айтқан.

Дереккөз мәліметіне қарағанда, қазір қойшы Душанбеде, онымен қауіпсіздік органдарының қызметкерлері сөйлесіп жатыр. Турахон Нурматов Мишкорон қышлағында қазір колонияда отырған Саймуддин Курбоновтың қойын баққан. 2015 жылы Курбонов есірткі саудасы үшін 17 жылға сотталған.

Қазір оның бір отар қойына немере ағасы Абдугаффор Курбонов қарап отыр. "Ауғандар інім оларға 40 мың доллар қарыз дейді. Олар маған бірнеше мәрте хабарласып, қойшыны ақшаға босататындарын айтты",- деді Курбонов.

XS
SM
MD
LG