Ссылки доступа

Адвокаттар судьядан Манафортқа аяушылық білдіруін сұраған


Пол Манафорт во время судебного заседания 14 сентября 2018 года (рисунок судебного художника)
Пол Манафорт во время судебного заседания 14 сентября 2018 года (рисунок судебного художника)

Пол Манафорт адвокаттары федералдық судьядан өз қорғауындағы азаматты он жылдан көп мерзімге жазаламауын сұрады. Манафорт Украинада саяси кеңесші болған кезінде қаржы және салық қылмыстарын жасады деп айыпталған.

Федералдық судья Манафортқа қатысты үкімін 13 наурызда шығарады. Адвокаттар қылмыстардың Дональд Трамп штабының Ресеймен байланысына ешқандай қатысы жоқтығын жазды.

"Манафорт Украинада саяси кеңесші болып істеген уақытта әжептәуір қаржы тапты, оны мемлекетке хабаламады және акцияларын биліктен жасырды. Ол кінәсін мойындады" делінген адвокаттар өтінішінде.

Пол Манафорт миллондаған айыппұл төлеуге келісу арқылы шығынның орнын толтырды дейді адвокаттар.

Манафортқа қарсы екі қылмыстық іс қозғалған. Арнайы прокурор Роберт Мюллер қозғаған істе оны алқа билер кінәлі деп таныды. Ал екінші қылмыстық істе Манафорт прокуратурамен сотқа дейінгі келісімге барған. Роберт Мюллер бірнеше қылмыс жасаған 69 жастағы Манафортты 25 жылға түрмеге қамау керек деп есептейді.

XS
SM
MD
LG