Ссылки доступа

Ашхабадта алкогольді ішімдік сатуға тыйым салынып жатыр


26 ақпанда Түркіменстан астанасындағы жеке дүкендерден алкогольді өнімдерді алып тастау бойынша рейд жүргізілген.

Азаттықтың түркімен қызметі хабарлағандай, тексеру 2018 жылдың аяғында қабылданған "Алкогольдің зиянды әсерлерінен алдын алу жөніндегі" заңның негізінде жүргізілген.

Түркіменстан билігі спирттік ішімдіктерді сатуға түбегейлі түрде тыйым салып келеді. Елде қоғамдық-саяси мәні бар оқиғалардан гөрі адамдардың салауатты өмір салтына аса мән беруі басты назарда.

Жыл сайын сәуір айында елде барлық өлкеде ат бәйгесі секілді спорттық жарыстар өткізіліп тұрады.

XS
SM
MD
LG