Ссылки доступа

Әндіжан емханасында жарылыс болып, оқушылар жараланды


26 ақпан күні таңертең Әндіжанның орталық емханасының қазандығы жарылған. Куәгерлердің айтуынша, сол уақытта медициналық тексеруден өтуге келген бес оқушы ауыр жараланған.

Дәрігердің бірі болған оқиға жайында айтып берді.

"Емхананың қазандығы ғимараттың артқы жағында орналасқан. Онда рентген-кабинет бар. Жарылыс кезінде сол жерде №4 мектептің оқушылары флюорографиядан өтіп жатқан. Жарылыстың қатты болғаны соншалықты, көбі бомба жарылды деп ойлады. Емхана әйнектерінің бәрі сынды. Кемінде бес оқушы ауыр жараланды. Олар қазір ауруханада жатыр," – деді Әндіжан орталық емханасының дәрігері.

Соңғы ақпарат бойынша, емханада қазір милиция, прокуратура, өрт сөндіру қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, жарылысқа табиғи газдың шығуы себеп болған. Қазандықтың күзетшісі оқиға болардан жарты сағат бұрын ғана бәрі тексерілген болатын деп отыр.

Жарылыс кезінде емханада болған №4 мектептің оқушысының бірі дәрігерлік тексеруден кейін үйіне жіберілгенін айтады.

"Қалған төрт оқушы ауруханаға жатқызылды. Олардың біреуі қыз, қалған үшеуі ұл бала. Біреуінің аяғына гипс салды. Екінші оқушының арқасына әйнектің сынықтары кірген. Үшінші оқушы қатты күйік алды. Төртіншісі нейрохирургия бөлімінде жатыр," – деді оқушы.

XS
SM
MD
LG