Ссылки доступа

Иран президенті СІМ басшысының отставкасын қабылдамады


Хасан Роухани (сол жақта) мен Мохаммад Жавад Зариф
Хасан Роухани (сол жақта) мен Мохаммад Жавад Зариф

Иран президенті Хасан Роухани 26 ақпанда елдің сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зарифтің отставкасын қабылдамады.

Зариф өзінің кететіні жөнінде 25 ақпанда инстаграм парақшасына жазған. Отставкаға кетуінің себебін айтпады.

Азаттықтың иран қызметі Роухани министрге қызметі үшін алғыс білдіргенін, бірақ отставкасын қабылдайды ма, жоқ па, нақтылмағанын хабарлаған.

27 ақпанда Зариф БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетінің отырысына бару керек болған. Бірақ оның сапары болмайтын болды.

Мохаммад Жавад 2013 жылдан бері Иранның сыртқы істер министрі қызметін атқарып келеді. 2015 жылы Иранның әлемдік державалармен ядролық қаруды тоқтату жөнінде келісімге келуіне сол себепші болған.

Былтыр мамыр айында АҚШ президенті Дональд Трамп бұл келісімнен шығатынын мәлімдеп, Иранға қарсы санкцияларды қайта енгізетінін жариялаған.

Америка және Израиль билігі келісімге қарамастан Иран билігі құпия түрде ядролық қару жасап жатыр деген сенімде. Тегеран болса, бұл айыптарды теріске шығарады. Еуроодақ АҚШ-пен келіспей, америкалық санкцияға қосылудан бас тартатын шаралар қабылдады.

XS
SM
MD
LG