Ссылки доступа

Бішкек ЖЭЦ-індегі жемқорлыққа қатысты іс бойынша сот жабық өтіп жатыр


Бішкектің Свердлов аудандық сотында ЖЭЦ-тегі жемқорлық ісіне бойынша алдын ала сот тыңдаулары жалғасты. Азаттықтың қырғыз редакциясының хабарлауынша, сот процесі жабық өтіп жатыр.

Соттың алғашқы тыңдаулар да жабық өткен. Істегі басты айыпталушы - бұрынғы премьер-министр Сапар Исаковтың адвокаты Нұрбек Токтакуновтың мәлімдеуінше, соттың алғашқы отырысында қорғаушы күдіктіні қамауда ұстау шешімін өзгертуін, процесті ашық өткізуін сұраған.

Қырғызстан социал-демократиялық партиясы Исаковтың адвокаты Замир Жоошевтің үндеуін жариялады. Онда ЖЭЦ-ке қатысты іс ашық өтуі тиіс екендігі айтылған.

Алдын ала сот тыңдауларында қорғаушылардың істе қаралмауы тиіс деп есептейтін дәлелдерге шағымдары қаралады. Бұған қоса мемлекеттік органдардан қандайда бір дәлелдер сот арқылы талап етіледі.

Бішкектің жылу электр центральінде 2018 жылы 26 қаңтарда болған апаттан соң үш қылмыстық іс қозғалды. Сегіз адамға айып тағылды: Сапар Исаков пен Жанторо Сатыбалдиев – бұрынғы премьер-министрлер, Осмонбек Артыкбаев – бұрынғы энергетика министрі, Айбек Калиев – "Ұлттық энергия холдингінің" бұрынғы басшысы, Женишбек Назаров – оның сол кездегі орынбасары болған, Салайдин Авазов – "Электр станциялары" кәсіпорынының жетекшісі, Темірлан Бримкулов – ЖЭЦ-ті модернизациялау жөніндегі жобаның атқарушы директоры және Ольга Лаврова - бұрынғы қаржы министрі.

XS
SM
MD
LG