Ссылки доступа

Худжанд қаласында кәріс шіркеуінің ғимараты балабақшаға беріледі


Тәжікстандағы Соғды облыстық экономикалық сотының шешімімен, Худжанд қаласындағы “Сонмин Сонбогым" кәріс шіркеуінің ғимараты балабақшаға беріледі. Сот шешімі күшіне енген.

1995 жылы бұл ғимарат Худжанд басшысы шешімімен кәріс шіркеуіне 38 жылға жалға берілген. Қалалық білім бөлімі бұл шешімге келіспей, төрт жылдан бері соттасып келді.

26 ақпанда сот Худжандтың бұрынғы басшысының шешімін заңсыз деп тапты. Елдің Жоғарғы экономикалық соты да сот үкімін өзгеріссіз қалдырды, сөйтіп кәріс шіркеуінің екі ғимараты мемлекетке қайтарылатын болды.

Шіркеу мүддесін сотта қорғаған заңгер Ильёс Икромов үкіммен келіспейтінін мәлімдеді.

2017 жылы жазда Худжанд соты "Сонмин Сонбогым" христиан шіркеуінің пасторы Бахром Холматовты экстремизм үшін айыптап, үш жылға соттады.

XS
SM
MD
LG