Ссылки доступа

Конгресс Трамптың шекарадағы төтенше жағдай туралы жарлығын бекітпеді


Президент США Дональд Трамп объявляет о режиме чрезвычайного положения на границе с Мексикой 15 февраля 2019 года
Президент США Дональд Трамп объявляет о режиме чрезвычайного положения на границе с Мексикой 15 февраля 2019 года

АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы сейсенбі күні президент Дональд Трамптың Мексикамен шекарада төтенше жағдай жариялау туралы жарлығының күшін жоятын қарар қабылдады.

Трамп мұндай жарлыққа 15 ақпанда қол қойған. Сол арқылы ол Мексикамен шекарада дуал тұрғызуға қажетті қаражатты Конгрестің мақұлдауынсыз-ақ алғысы келген.

Заң шығарушылар, тіпті кейбір республикашылдар да президент төтенше жағдай жариялау арқылы өз құқықтарын асыра пайдаланып, Конгрестің маңызды рөліне нұқсан келтіргісі келді деп есептейді. Өкілдер палатасындағы 13 республикашыл демократтармен бірге қаулыны қолдап дауыс берді: 245 - “ия“ және 182 - “жоқ“. Дегенмен демократтардың президент ветосын айналып өтуге қажетті дауысы жетпей қалуы мүмкін.

Мемлекет басшысының төтенше құқығы туралы заң 1976 жылы қабылданған. Содан бері Конгрестің ешбір палатасы президенттің бұл заңға қатысты қалауына қарсы шықпаған. Бірақ қазіргі демократтар оңтүстік шекарадағы дағдарыс – президент Трамптың қиялынан туындаған деп есептейді.

Сенаттың төменгі палата бастамасын қолдау-қолдамау туралы шешім қабылдауына 18 күн бар. Демократтардың барлығы қарарды қолдаса, оларға жоғарғы палатада көп дауысқа ие болу үшін төрт демокаттың дауысы қажет болады. Әзірге үш республикашыл сенатор Трампқа оппозиция екенін жариялаған.

XS
SM
MD
LG