Ссылки доступа

Тәжікстан базарларында шетел өнімдері қымбаттады (видео)


Тәжікстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты күре жолдардың жабылуы шетелден әкелінетін көкөніс бағаларының өсуіне әсер етті.

Елде жылы орында өсірілетін көкөністер әлі пісіп үлгермеген. Әдетте ақпан айының соңына таман жерілікті ауыл шауашылығы өнімдері шетел өнімдерін базарлардан ығыстырып шығаратын.

Душанбедегі "Мехргон" базарында көкөніс сатушы Райхон Бурхонованың айтуынша, жыл сайын базарларға бірінші болып Вахш алқабының көкөністері түседі. "Шаруалар биыл жылы орындарда өсірілетін өнімдерге кесел жұққанын, көкөністер екі аптадан соң жеткізіле бастайтынын айтты", - деді ол.

Бурхонованың сөзіне қарағанда, қазір Самарқанд қызанағының бір келісі 25 сомони, Қытай қызанағы - 23 сомони, қырғыз қызанағы – 20 сомони тұрады, ал отандық қызанақ бағасы - 18 сомони (шамамен 2 доллар).

На таджикских рынках подорожала импортная овощная продукция
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:35 0:00

Тәжікстан базарларында сатылатын тауарлардың көбі шетелден әкелінеді. Бірақ олар қымбат болғандықтан, тұтынушылар жергілікті өнімдерді алады.

Тәжікстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, өткен жылы шаруалар жылы орындардағы 70 гектар жерлен 1619 тонна өнім жинаған: 1113 тонна қызанақ, 292 тонна қияр, 214 тонна басқа да көкөніс. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда, елде жылы орындарда өсірілетін өнім 200 тоннаға артқан.

XS
SM
MD
LG