Ссылки доступа

Украина Eurovision-2019 ән байқауына қатысудан бас тартты


Победившая в украинском национальном отборе на Евровидение певица Maruv
Победившая в украинском национальном отборе на Евровидение певица Maruv

Украина Eurovision-2019 ән байқауына қатыспайды. Бұл туралы Украина Ұлттық қоғамдық телерадиокомпаниясының сайтында хабарланды. Бұған ұлттық іріктеу жеңімпаздарының халықаралық байқаудан бас тартуы себеп болды.

Бұған қоса УҰҚТ украиналық әншілердің "агрессор ел" аумағындағы концерттер мен гастрольдерге қатысуы мәселе туғызғанына мән берген. Украина заңдарында "агрессор ел" ұғымы Ресейге қатысты қолданылады. УҰҚТ бұл мәселеге қатысты "қоғамдық диалог бастамасын" ұсынған.

Бұның алдында украниналық Brunettes shoot Blondes инди-рок тобы байқауға қатысудан бас тартатынын хабарлаған. Әншілер мұндай шешімін іріктеу байқауында төртінші орын алып қалғанымен түсіндірген.

Іріктеуде жеңіске жеткен әнші Maruv халықаралық байқауға қатысудан бас тартқан соң, іріктеуде екінші және үшінші орын алған Kazka және Freedom-jazz топтары да байқауға бармайтынын мәлімдеген.

Maruv (шын аты-жөні Анна Корсун) көрермендердің көп дауысына ие болып, кәсіби әншілер алқасынан жоғары ұпай алған. Бірақ Корсунның Ресейде концерт беруін сынаушылар көп болды.

Eurovision-2016 ән байқауында Украина атынан қатысқан қырым татары Жамала жеңіске жетті. 2017 жылы Киевте өткен байқауға Ресей әншісі Юлия Самойлованы жіберген жоқ, өйткені ол аннексияланған Қырымдағы концертке қатысқан.

XS
SM
MD
LG