Ссылки доступа

Сот Атамбаевты үш шағымдануға 300 мың сом төлеуге міндеттеді


Бішкектің Октябрь аудандық соты Азимбек Бекназаровтың, Кенешбек Дуйшебаевтың және Ахматбек Келдибековтың экс-президент Алмазбек Атамбаевқа қарсы шағымдарын жартылай қанағаттандырды.

Бұған бұрынғы президенттің "Апрель" телеарнасының директоры Дмитрий Ложниковке берген сұхбаты түрткі болған.

Сот Атамбаевты шағымданушылардың әрқайсына 100 мың сомнан – барлығы 300 мың сом (шамамен 4,5 мың доллар) төлеуге міндеттеді. Ложниковтен ақша өндіру талабы орындалмады.

Парламенттің бұрынғы спикері Ахматбек Келдибеков, Уақытша үкіметтің бұрынғы мүшесі Азимбек Бекназаров және Кенешбек Дуйшебаев 26 желтоқсанда Бішкектің Октябрь аудандық сотына экс-президент Алмазбек Атамбаев пен "Апрель" телеарнасының бас редакторы Дмитрий Ложниковке қарсы шағым түсірген. Бұрынғы мемлекет басшысының телеарнаға сұхбаты 10 желтоқсанда көрсетілген.

Шағымданушыла бұл сұхбатта экс-президент олардың ар-ұжданына нұқсан келтіретін сөздер айтты деп есептейді. Олар бұл екеуінен сот арқылы 18 миллион сом өндіріп алғысы келді.

XS
SM
MD
LG