Ссылки доступа

ЕО Google, Facebook және Twitter-ді уәделерін орындамады деп сынға алды


Google іздеу қызметі және Facebook пен Twitter әлеуметтік желілері жалған ақпаратпен күресу жөніндегі уәделерін орындамай отыр. Осылай деп 28 ақпанда Еурокомиссия арнайы мәлімдеме таратты.

Мекеме Facebook келісімге сәйкес, қаңтар айында адамдарды адастыратын жарнамалар жөнінде зерттеудің нәтижесін ұсынбады деп атап өтті. Google жалған ақпаратты жоятын қандай іс-шаралар қабылдағаны жөнінде есеп бермеген. Twitter болса, жарнаманы бақылау нәтижесін өткізбеген.

Еурокомиссия мәлімдемесінде Еуропарламентке сайлау алдында ешқандай прогресс байқалмағаны айтылған.

2018 жылдың күзінде Еуроодақ Facebook, Twitter және Google-мен жалған ақпаратпен күресу жөнінде келісімге келген. Құжатта саяси жарнамалардың қадағаланатыны, жалған ақпарат тарататын интернет-боттармен күрес жүргізілетіні айтылған.

XS
SM
MD
LG