Ссылки доступа

Термезде кафесінен айрылған кәсіпкер өз-өзін өртеді


Өзбекстанның Сұрқандария облысы Термез ауданының 38 жастағы тұрғыны Бахтияр Элтонов аудандық әкімдік ғимараты алдында өз-өзін өртеді. Кәсіпкер кафесінің билік өкілдері сүріп тастауына наразылығын осылай білдірді.

Оқиға 27 ақпанда болған. Кәсіпкердің өз-өзіне өрт қою сәті бейнеленген видео mover.uz сайтында жарияланды.

Бахтияр Элтонов несиенің көмегімен ашқан кафесін сақтап қалу үшін жергілікті шенеуніктермен кездескісі келген, бірақ бірнеше ай бойы аудандық билік өкілдері оны қабылдағаман.

Әкімдік қызметкерінің мәлімдеуінше, Элтоновтың ешқандай кафесі болмаған және шенеуніктерге бұған дейін келмеген.

"Ол әкімдікке келіп, бізді бопсалай бастады. Ол күрткесіне бензин құйып, өртеген соң оны шешіп тастады. Оның ешқандай кафесі болған емес", - деді шенеунік.

Бірақ әкімдіктің құрылыс бөлімінде істейтін басқа бір қызметкер кәсіпкер кафесі заңсыз салынғандықтан сүрілгенін айтты.

"Ол жол бойына шатыр тігіп, сонда кафе ашқан. Біз оны сүріп тастадық".

Кәсіпкер Термаз аудандық ауруханасына жеткізілген.

Бас дәрігердің орынбасары Аваз Каххаровтың хабарлауынша, Элтоновтың денесінің 20 пайызын күйік шалған, оның өміріне ешқандай қауіп жоқ.

Тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG