Ссылки доступа

Amnesty International Душанбеден Гадоевті тез арада босатуын талап етті


Шарофиддин Гадоев
Шарофиддин Гадоев

Халықаралық Amnesty International адам құқықтарын қорғау ұйымы ресми Душанбеден тәжік оппозициясы жетекшілерінің бірі және "24 тобы" қозғалысының бұрынғы бсшысы Шарофиддин Гадоевты тез арада босатуын талап етті.

Amnesty International 28 ақпанда Тәжікстан Бас прокуроры Юсуф Рахмонның атына ресми хат жолдады. Адам құқықтарын қорғаушылар саясаткердің Мәскеуде ұсталып, Тәжікстанға мәжбүрлеп қайтарылғанына алаңдап отыр. Гадоев осы уақытқа дейін Нидерландыда тұратын және Тәжікстанға оралғысы келмеген.

"14 ақпанда Гадоевты Мәскеу билігі ұстады, келесі күні ол Душанбеде болды. Бір күн үй қамауында отырған Шарофиддин Гадоевті ІІМ қызметкерлері белгісіз бір жерге алып кеткен" деп жазды Amnesty International.

Тәжікстан ішкі істер министрлігі жасаған істеріне өкінген Гадоев отанына өз еркімен оралды деп хабарлаған. Артынша әлеуметтік желіде жарияланған видеода Гадоев Тәжікстанға өз еркімен келгенін мәлімдеген. Әлеуметтік желілерде оның отбасымен бірге түскен көптеген суреттері жарияланған.

19 ақпанда Тәжікстан Ұлттық Альянсының әлеуметтік желіге жариялаған видеосында Гадоев тәжік билігінің өз еркімен еліне қайтты деген мәлімдемесіне сенбеу керектігін, оны күшпен ғана алып кетуі мүмкін екендігін алдын ала ескерткен.

XS
SM
MD
LG