Ссылки доступа

Түркіменстан билігі VPN қызметтерімен күресті күшейтті


Офис услуг связи, Туркменистан
Офис услуг связи, Туркменистан

Түркіменстан билігі екі аптадан бері елде VPN қызметтерімен күрес шараларын күшейткен. Азаттық радиосының сайты да бұл елде ашылмай тұр.

Азаттық радиосының Түркімен қызметі - Азатлык радиосы Германияның Rohde & Schwartz компаниясы түркімен органдарына азаматтарды аңдуға көмектесетін цифрлық құрылғылар жеткізі тұратыны туралы жазған. Артынша Түркіменстанда VPN қызметтері мен Азаттық радиосы вебсайттарын бұғаттау күшейді. Бұл туралы Ашхабадтағы дереккөз хабарлады.

Еске салайық, Азатлык радиосы Rohde & Schwartz компаниясы мен Түркіменстан билігі арасындағы байланыстар туралы журналистік зерттеуін 31 қаңтарда жариялады. Материалда неміс компанясы түркімен арнайы қызметімен тікелей жұмыс жасамайтыны, бірақ оның цифрлық құрылғыларын қауіпсіздік органдары азаматтарды аңдауға пайдаланаты айтылған.

Тәуелсіз шетел вебсайттарының басым бөлігі, соның ішінде Азатлык радиосы, YouTube, Facebook, Twitter, Instagram әлеуметтік желілері Түркіменстанда ашылмайды. Халық прокси серверлер пайдалануға мәжбүр.

Түркіменстанда инренте қызметін жалғыз ғана мемлекеттік компания "Түркіментелеком" таратады.

XS
SM
MD
LG