Ссылки доступа

Қырғызстандағы бұрынғы саяси тұтқындар Атамбаев жүйесін "жемқор" деп атады


Қырғыз саяси қайраткерлері Кубанычбек Кадыров пен Бектур Асанов бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты жемқорлық билік құрды деп айыптады. Олар бостандыққа шыққаннан кейінгі алғашқы баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.

"Біз Атамбаевқа түрмеден орын босатып қойдық. 2013 жылдан бері ашық айтып келеміз: сен қылмыстық топ құрып, мемлекетті тонап келесің. Атамбаевтың орны - түрме", - деді Кубанычбек Кадыров.

Бектур Асанов пен Кубанычбек Кадыров 2016 жылы наурызда "билікті күшпен басып алуға талпынды" деген айыппен сотталды. Сот процесі екі жылға созылды. Жоғарғы сот 2018 жылы 7 маусымда Асанов пен Кадыровты сегіз жылға түрмеге отырғызу туралы үкім шығарды. Олармен бірге ұсталған саясаткер Эрнест Карыбеков 14 жыл бас бостандығынан айрылды.

Саясаткерлер өздеріне тағылған айыптарды жоққа шығарып, істің саяси астары барын айтқан.

12 ақпанда Асанов пен Кадыров уақытынан бұрын шартты түрде бостандыққа шықты.

XS
SM
MD
LG