Ссылки доступа

Президент Мирзияев жол бойындағы халықпен кездесу үшін кортежін тоқтатты


Наманган облысын аралап жүрген өзбек президенті Шавкат Мирзияев сапар жоспарын бұзып, жол бойында тұрған халықпен кездесу үшін кортежін тоқтатқан. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Президент жергілікті халыққа аймақтағы әрбір ауданға қомақты инвестиция тартылатынын, жаңа кәсіпорындар, санаторийлер, мектептер салынатынын, жаңа жұмыс орындары ашылатынын айтты.

Әлеуметтік желіде Наманган тұрғындарының президент кортежін қуанышпен қарсы алғаны бейнеленген видеолар тарады.

"Халық президенттің келуіне шексіз қуанышты екенін көрсетіп, реформа нәтиже бере бастағанын айтты. Мемлекет басшысына Наманган облысында ғана емес, бүкіл елде болып жатқан өзгерістер үшін алғыс білдірді" делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Шавкат Мирзияевтің халықпен дәл осындай күтпеген кездесуі 2017 жылы Наманган облысында болған еді.

XS
SM
MD
LG