Ссылки доступа

Істі болған қырғыз экс-вице-премьері қысымға ұшырағанын мәлімдеді


Қырғызстанда экс-вице-премьер Дуйшенбек Зилалиев атынан оған қарсы қозғалған іс туралы мәлімдеме жарияланды.

Залилов туыстары мен жақындары арқылы қаттыс қысым жасалып жатқанын айтты.

"Менің ғана емес, туыстарымның барлығының дерлік мүлкіне дәлелсіз арест салынған. ҰҚМК асыққаны сонша, оны тексеріп жатпаған ба? Бәрі сотта анықталады деп үміттенем" деді бұрынғы шенеунік.

Ол оның туыстары мен оған бейтаныс адамдардың және компаниялардың банк есептеріне арест қойылғанын айтты.

"Қарт ата-анамның зейнеткерлік есебі мен туыстарымның жалақы карталарына арест қойылған. Олар зейнетақысыз, жалақысыз қалды" деп мәлімдеді Зилалиев.

Шенеунік баласының ауыратынын атап өткен. "Ақпан айында Мәскеуде оған операция жасау керек болған. Біз шетелге шығуға рұқсат сұрадық, бірақ арнайы қызмет бір айдан бері жауап бермеді".

Еске салайық, 2018 жылы 9 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті экс-вице-премьер Дуйшенбек Зилалиевты "заңсыз байыды" деген күдікпен ұстады. ҰҚМК мәліметі бойынша, Зилалиев банкте декларацияланбаған 899 мың 900 доллар сақтаған. Бұған қоса шенеуніктің үйінен ақша тәркіленіп, жылжымайтын мүліктерінің суреттері жарияланды.

XS
SM
MD
LG