Олар елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалармен танысады. Бұл туралы Еуропалық одақтың Тәжікстандағы елшісі Мэрилин Йоcефсон мәлімдеді.
Қазіргі таңда Тәжікстан Бас преференциялар жүйесінің (GSP) жалпылама нұсқасын пайдаланып отыр. Ол бойынша, республика Еуроодаққа 3000 тауарын кеден салықтарынсыз экспорттай алады. ЕО Тәжікстанға GSP+ аясында тарифтік преференциялар берсе, онда бұл ел 6200 тауарын кеден салығынсыз Еуропа нарықтарына шығара алады.
Еуропомиссияның қоғаммен байланыс департаментінің қызметкері Кинга Малиновсканың хабарлауынша, GSP+ қосымша преференциялар алудың бірнеше шарты бар.
"Мемлекет 27 халықаралық конвенцияны (16 – адам құқықтары мен еңбек саласы, 11 – қоршаған ортаны қорғау және тиімді басқару) ратификациялап, оны орындауы тиіс", - деді Малиновска.
Жергілікті экономистердің айтуынша, Тәжікстанның Еуроодаққа шығаратын тауарлар саны көп емес, бірақ Еуропа нарықтарына еркін кіре алатын жағдайдың жасалуы елдегі шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етеді.