Ссылки доступа

Путин АҚШ-пен зымыранға қатысты келісімді тоқтатты


Ресей президенті Владимир Путин 4 наурызда СССР мен АҚШ арасында қол қойылған орта және шағын қашықтықтағы зымырандарды жою жөніндегі келісімді тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Бұл жөнінде Кремль баспасөз қызметі хабарлады.

Қол қойылған жарлық мәтініне сәйкес, шешім "АҚШ-тың келісім міндеттерін бұзуына байланысты" қабылданған. Ресейдің СІМ бұл жөнінде америкалық тарапқа ескерту керек. Келісімді тоқтату туралы жарлық күшіне енді.

Осының алдында НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресей мен АҚШ арасындағы зымырандарды жоюға қатысты келісімсіз-ақ әскери одақ "бейбітшілікке ұмтылады" деп мәлімдеген. Альянс басшысы Мәскеудің келісімді сақтауға соңғы мүмкіндігі бар деп, Ресейді бұл мүмкіндікті пайдалануға шақырған.

АҚШ болса, 2 ақпаннан бері зымыранға қатысты келісімнен шығу рәсімін бастаған. Орта және шағын қашықтықтағы зымырандарды жою жөніндегі келісімге 1987 жылы Рональд Рейган мен Михаил Горбачёв қол қойған.

XS
SM
MD
LG