Ссылки доступа

Ташкент-Астана-Ташкент жолаушылар автобусы жолға шықты


"Uzautotrans Service" компаниясы мен "KazAvtoTrans" кәсіпорыны бірлесіп Ташкент пен Астана аралығында тұрақты қатынайтын жолаушы автобусын жолға шығарды.

Өзбек ақпарат құралдарының хабарлауынша, маршрут 1646 шақырымдық жолды 27 сағат 30 минут жүріп өтеді. Жолақы - 312 мың сум ($37).

10 наурыздан бастап күнде бір рейс жолға шығады, одан соң күніне төрт рейске дейін көбейеді.

Автобус қатынасы өзбек президенті Шавкат Мирзияевтің өткен жылы наурызда қабылдаған жарлығына сәйкес ашылғаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG