Ссылки доступа

Ашхабадта көшелердегі қошқыл түсті автокөліктерді ұстап жатыр


Автостоянка у жилого дома в Ашхабаде
Автостоянка у жилого дома в Ашхабаде

Ашхабад билігі көшелердегі қошқыл түсті автокөліктерді жою науқанын жалғастырды: Түркіменстан астанасында күніне ондаға автокөлік ұсталады.

"Көршінің автокөлігін түсі қошқыл көк болғаны үшін айып бекетіне алып кетті. Оны жолда тоқтатып, құжаттарын алып қойған", - деді Ашзабад тұрғыны Азаттық радиосының түркімен қызметіне.

Азатлык тілшісінің хабарлауынша, қошқыл түсті автокөліктерді ұстау жөніндегі автоинстекторлар жоспарының орындалуын басшылық қадағалайды.

"Полиция қызметкерлерінің біріне рация арқылы басшысы хабарласып, қанша көлік ұстағанын сұрап жатты. Олар онан астам автокөлік ұсталғаны туралы есеп берді. Ол кезде сағат 11:30 шамасы еді. Басшысы оларға нашар жұмыс істейсіңдер деп сөгіп жатты", - деді автокөлік жүргізушілерінің бірі.

Түркіменстанда автокөлік иелері машиналарын ақ түске боятып жатыр. Оған қыруар ақша қажет.

XS
SM
MD
LG