Ссылки доступа

Қырғызстан Бакиев активтерін қайтаруға күш салып жатыр


Қырғызстан Бас прокуратурасының хабарлауынша, елдің бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев пен оның отбасының бюджеттен ұрлаған ақшаларын елге қайтаруға басымдық берілген.

Құзырлы орган бұл мәлімдемесін 5 наурызда жариялады. Онда үкімет өткен жылы Қырғызстаннан заңсың шыларылған ақшаларды қайтару тәртібі жөніндегі ережені бекіткен.

"Бас прокуратура АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария, Лихтенштейн және Қытайдың құзырлы органдарымен белсенбі әріптестік орнатқан. Бұған қоса заң фирмаларымен байланыс жасалды, олар ұрланған ақшаларды іздестірумен айналысады", - делінген хабарламада.

Бас прокуратура мәліметі бойынша, Бакиев отбасы мүшелерінің қылмыс жолмен тапқан активтерін қайтару мақсатында Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Бірлескен корольдігінің қылмыспен күрес жөніндегі ұлттық агенттіктерімен әріптестік туралы меморандумға қол қою жоспарланған.

АҚШ-тың Әділет министрлігі қырғыздың бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев пен оның ұлы Максим Бакиевтің елден шығарып әкеткен 4,5 миллион долларын Қырғызстанға қайтаратын хабарлады.

Құрманбек Бакиевтің кіші ұлы Ұлыбританияда тұрады. Кейбір мәліметтер бойынша, оның Лондонда бірнеше миллион фун стерлинг тұратын зәулім үйі бар.

XS
SM
MD
LG