Ссылки доступа

Өзбекстанда химиялық сұйықтық ішкен оқушының өлімі бойынша тексерулер басталды


Өзбекстанның бас прокуратурасы Ферғана облысында 9 сынып оқушысының белгісіз химиялық заттан өлгенін растады. Осыған дейін марқұмның туыстары "сыныптастары оған зорлап химикат іштірген" деген.

Бас прокуратураның мәліметі бойынша, 15 ақпанда 16 жастағы жасөспірім үйінен белгісіз сұйықтық ішіп, 26 ақпанда ауруханада көз жұмған.

9 сынып оқушысы көзі тірі кезінде белгісіз затты №17 мектептің 10-сынып оқушысынан алып, үйіне келіп ішіп алғаны туралы түсінік хат жазып берген.

Бас прокуратураның ақпаратына қарағанда, химиялық зат мектептің зертханасында болуы мүмкін деген тексеру жүргізгенімен, мектепте ондай зат анықталмаған. Мектепте оқушыға қысым көрсетті деген ақпарат та расталмаған.

Марқұмның қандай химиялық сұйықтық ішкені әлі күнге белгісіз.

Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша, химиялық заттан баланың ішектері, асқазаны езіліп, күйіп қалған. Бірақ бұл іске қатысты тергеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

XS
SM
MD
LG