Ссылки доступа

Тәжікстанда көшелерді қардан тазаламағаны үшін билікті сынаған тұрғынға айыппұл салынды


Хорог қаласының тұрғынына әлеуметтік желіде көшелерді қардан тазаламаған билікті сынағаны үшін 600 сомони (63 доллар) айыппұл салынды.

Таулы Бадахшан автономиялық облысы әкімшілігінің хабарлауынша, Идрис Жонмахмадов әлеуметтік желіде Хорог коммуналдық қызметіне қатысты жалған ақпарат жариялаған.

Жонмахмадовтің өзі баспасөзбен сөйлесуден бас тартты. Сарапшылар билік әрекетін азаматтардың сөз еркіндігін шектеу деп есептейді. Жонмахмадовтің сыни жазбасы Фейсбукте биыл ақпан айында жарияланған еді.

Хорог сотының төрағасы Мехмон Аловиддиннің айтуынша, "Идрис Жонмахмадовке әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін айыппұл салынды". Ол бұдан басқа пікір білдіруден бас тартты.

XS
SM
MD
LG