Ссылки доступа

Шетелдік компаниялар Түркіменстан үкіметін сотқа берген


"Çakiroglu Group" компаниясында директорлар кеңесінің мүшесі Огузхан Чакироглу Түркіменстан үкіметі үш жылдан бері компанияға ақша төлемегенін мәлімдеген.

Еureporter басылымы Чакироглудың сөздеріне сілтеме келтіріп, "түркімен үкіметінің жаңа жобалар тұрмақ үш жылдан бері ескі жобаларға да ақша төлемей келгенін" жазған.

Басылымның мәліметінше, Çakiroglu Group компаниясы қазіргі кезде Түркіменстаннан кеткен.

Былтыр маусым айында Reuters агенттігі "Түркіменстанда жұмыс істейтін шетелдік фирмалар қолма-қол ақша жетіспеушілігінен зардап шегеді" деген ақпарат таратқан.

2018 жылдың соңында немістің "Unionmatex" пен түріктің "Seçe inşaat" компаниясы қайтарылмаған қаржы үшін Түркіменстанның инвестициялық келіспеушілікті реттеу жөніндегі халықаралық орталықты сотқа берген.

XS
SM
MD
LG