Ссылки доступа

Тәжікстанның шығысында қасқырлар екі әйелді талап тастады


Таулы Бадахшанда қасқырлар 83 жастағы кейуана мен оның 55 жастағы қызын талап тастаған. Қайғылы оқиға 7 наурызда таңертең Мденхор қыстағында болған.

Тәжікстан төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің баспасөз хатшысы Умеда Юсупованың айтуынша, таңертең үйінен шыққан әйелдерді қасқырлар талаған.

Жергілікті билік өкілі бұл ақпаратты растады. Ол қасқыр талаған екі әйелдің де қаза тапқанын айтты.

Қасқырлар бұған дейін де адамдарға шабуылдаған. 2013 жылы ақпанда Баджув қышлағының 81 жастағы тұрғынын қасқырлап талап кеткен. Ол оқиға орнында қаза тапқан.

Сол жылы қаңтарда Сижд қышлағының 90 жастағы тұрғынына қасқырлар шабуылдады. Кеуана ұзақ уақыт ауруханада емделді.

Сарапшылар ашыққан қасқырлар ауылға түсіп, адамдарға шабуылдауға мәжбүр екенін айтты.

Тәжікстанда қасқыр аулауға ресми түрде тыйым салынған, қышлақ тұрғындарында қару жоқ. Бірнеше жыл бұрын экологтар қасқырлардың Ауғанстаннан Тәжікстанға көшкенін айтқан.

XS
SM
MD
LG