Ссылки доступа

Telegram мессенджері қолданушыларды "Рунетті оқшаулауға" қарсы акцияға қосылуға шақырды


Telegram мессенджері қолданушыларды Интернеттің ресейлік бөлігінің оқшаулануына қарсы акцияға қосылуға шақырды. Мұндай хабарлама мессенджердің ресми арнасы арқылы таратылды.

"Роскомнадзор он айдан бері Telegram'ның Ресейдегі жұмысына кедергі келтіру мақсатында мыңдаған IP-ді бұғаттады" делінген үндеуде. Мессенджер бұны Ресейдің цензурасы деп бағалап отыр.

"Милииардтаған рубль жұмсау арқылы билік Ресейді өзге әлемнен оқшаулағысы келеді" делінген үндеуде.

Мессенджер үндеуінде Либертариан партиясы 10 наурызда Мәскеу, Хабаровск және Воронеж қалаларында сағат 14-те желінің оқшаулануына қарсы рұқсат етілген митинг өткізетіні айтылған.

Рунетті оқшаулау туралы заң жобасы Мемлекеттік думаға 2018 жылы желтоқсанда түсті. Жоба авторлары: Андрей Клишас пен Андрей Луговой.

Заң жобапсы ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және телекоммуникация нарығының кейбір өкілдерінің сынына ұшырады. 2018 жылы сәуірде Telegram негізін қалаушы Павел Дуров қолданушыларды Мәскеуде наразылық акциясына шығуға шақырған. Сол кезде бұл акцияға шамамен 12 мың адам қатысқан.

XS
SM
MD
LG