Ссылки доступа

Тәжікстанның солтүстігінде белгісіз біреулер ондаған зиратты талқандаған (видео)


Тәжікстанның Соғды облысы Истаравшан ауданындағы Боги Калон ауылында белгісіз біреулер ондаған зиратты талқандаған.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, зираттардың бүлінгенін халық көктем басталғанда өткізілетін хашар дәстүрі кезінде білген. "Жиырма шақты зираттың құлпытасы бұзылған", - деді ауыл тұрғындарының бірі.

Вандализм әрекеті туралы жамағат басшылығына хабарланған. Қазір бұзақыларды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

В Истаравшане вандалы осквернили десятки могил
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:53 0:00

Зират бұзу - Тәжікстанда сирек кездесетін қылмыс. Мұндай қылмыстар әдетте ашылмай қалып жатады. 2015 жылы Фархор ауданында белгісіз біреулер христиан зиратындағы 4 мыңнан астам құлпытасты қиратқан. Олардың кім істегені әлі күнге дейін белгісіз.

XS
SM
MD
LG