Ссылки доступа

Түркіменстан мен Өзбекстан шекараны демаркациялау мәселесін тағы талқылады


КПП на узбекско-туркменской границе (архивное фото)
КПП на узбекско-туркменской границе (архивное фото)

Түркіменстан мен Өзбекстан мемлекеттік шекараны демаркациялау мәселесін тағы талқылады. Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау мәселелері жөніндегі өзбек-түркімен үкіметаралық комиссиясының бірлескен отырысы Түркіменабадта 1-7 наурызда өтті.

Өзбекстан СІМ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, шекараның бірқатар учаскелерінде демаркациялау жұмыстарын жүргізу туралы келісім жасалды. Келіссөз нәтижесі бойынша хаттамаға қол қойылды.

Түркіменстан мен Өзбекстан мемлекеттік шекараны анықтау мәселесіне 2017 жылдың наурызында өзбек президенті Шавкат Мирзияевтің Түркіменстанға сапарынан ерекше мән беріп отыр.​ Содан бері екі елдің үкіметаралық комиссиясы бірнеше маңызды келіссөздер жүргізді.

2018 жылы мамыр айында түркімен президентінің Өзбекстанның Хорезм облысына сапарынан соң, Түркіменстанның онымен шекаралас Дашоғыз облысының шекаралас аудандарындағы бірқатар үйлер сүріле бастады.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, шекарада алғашқы сызық 2003 жылы, екіншісі - 2011 жылы жүргізілген. Сол кезде мыңдаған отбас қыс уақытында баспаналарынан айрылған.

XS
SM
MD
LG