Ссылки доступа

Худжандта колонияда бүлік шығарғандардың үстінен сот басталды


Колония строгого режима в Худжанде
Колония строгого режима в Худжанде

Тәжікстанның Худжанд қаласындағы N2 тергеу абақтысында қатаң режимдегі колонияда бүлік шығарғандардың үстінен сот басталды. Колонияда жазасын өтен жатқан 30-дан астам адамға айып тағылған.

Түзеу мекемесінде өткен жылы 8 қарашада болған жаппай тәртіпсіздік кезінде, ресми мәлімет бойынша, 21 жазасын өтеуші қаза тапты. Бүлік кезінде түрменің екі қызметкері өлтірілген, бес күзетші ауыр жарақаттанған.

Тәжікстанның Жоғарғы соты мен Бас прокуратурасы 11 наурызда соттың жабық өтетінін растады, өйткені іске "құпия" грифі қойылған.

Озоди радиосының Худжандтағы тілшісінің хабарлауынша, N2 тергеу абақтысы бүлік шыққан колониядан бірнеше жүз метр қашықтықта орналасқан. Таңертең тергеу абақтысы ғимаратының алдында көптеген адам жиналды. Бірақ айыпталушылардың ешқайсысының туыстарын сот залына кіргізген жоқ.

"Біз оларды не үшін айыптап жатқанын білгіміз келеді. Балаларымыздың құқығы қорғала ма? Соттың әділ өтетініне кім кепілдік береді? Онда неге бізді сотқа кіргізбей отыр?" - деді сотталушылардың бірінің анасы.

Қылмыстық іс өткен айда Жоғарғы сотқа жолданған. Отыздан астам күдіктіге кісі өлтіру, ауыр жарақаттау, билік өкіліне қарсылық көрсету және түзеу мекемесі тәртібін бұзу айыптары тағылған.

Бірқатар дереккөз Худжанд колониясындағы бүлік кезінде кем дегенде 53 адам қаза тауып, 186 адам жараланғанын айтқан.

Колониядағы жаппай тәртіпсіздіктен соң осы мекеменің жеті қызметкері тұтқындалды, олардың арасында түрме бастығы Файзулло Сафарзода бар.

Бүлік жауапкершілігін "Ислам мемлекетті" террористік тобы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG