Ссылки доступа

Пайғамбар туралы пікірінен соң сынға ұшыраған шенеунікті өзбек арнайы қызметі қорғайды


Nargiza Ahmedova
Nargiza Ahmedova

Өзбекстан президенті әкімшілігі жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникация агенттігі директорының орынбасары Наргиза Рахимова жеке басына төнген қауіпке байланысты мәжбүрлі демалысқа шыққан. Бұл туралы құқыққорғау органдарындағы дереккөз хабарлады.

35 жастағы Наргиза Рахимова Facebook'те мұсылмандардың көп әйел алуы тақырыбына қатысты жазған пікірінен соң көпшіліктің сынына ұшыраған.

8 наурыз қарсаңында қолданушы Hayot Baxtiyor O'gli Facebook'те көп әйел алушылықты қорғаған. "Жалғыз әйелге де әмірі жүрмейтін еркектер және күйеуінің үстіне ешек сияқты мініп алған долы қатындар ғана көп әйел алушылыққа қарсы шығады", – деп жазды Hayot Baxtiyor O'gli.

Оған Наргиз Рахимова былай деп жауап берген: "Пайғамбарымыз Хадишаның көзі тірі кезінде екінші әйел алмаған. Білмеймін, сол кезде ол ынжық, әлде Хадиша долы қатын болған шығар, ол жағын енді сіз жақсы білесіз".

Шенеуніктің бұл жазбасынан соң әлеуметтік желіде ондаған сыни пікір мен бейнеүндеулер пайда болды. Олар Наргиза Рахимованы ғана емес, оның отбасын қорқытқан.

9 наурызда Azon TV телеарнасында Наргиза Рахимованың үндеуі жарияланды. "Мен де Құдайдың құлымын, барлық мұсылманнан пікір-талас тудырған пікірім үшін кешірім сұраймын", – деген Наргиза Рахимова.

XS
SM
MD
LG