Ссылки доступа

Қырғызстанда судьяға 1300 әкімшілік істі жойды деген айып тағылды


Иллюстративное фото.
Иллюстративное фото.

Бішкек қаласы Октябрь аудандық сотының судьясы Эрнис Чоткараевты "жүздеген әкімшілік істі әдейі жойып, ірі ақшаға иелік еткен" деп айыптады.

Бұл қылмысты Бас прокуратура тіркеуге алған, ал материалдар ҰҚМК қарауына берілген. Прокуратура өткен жылы күзде Қырғызстан судьялар кеңесінің тәртіп комиссиясына шығып, Октябрь аудандық сотының сол кездегі төрағасы Эрнис Чоткараевтан тиіспеу құқығын алып тастауды сұраған. Судья сол уақытта елден қашып кеткені туралы ақпарат шықты.

Оған қарсы "қызметін асыра пайдалану", "алаяқтық жасау" баптары бойынша айып тағылған.

Азаттык дереккөзінің мәліметі бойынша, Эрнис Чоткараев өткен жылы қазанда емделуге кеткен, бірақ елге әлі оралмаған. Соңғы мәрте ол Мәскеуден байланысқа шыққан. Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті оған әзірге іздеу жариялаған жоқ.

XS
SM
MD
LG