Ссылки доступа

Тәжікстан тұрғындары интернет бағасының қымбаттауына қарсы шықты


Тәжікстанда Фейсбук әлеуметтік желісінің қолданушылары 27 наурызда интернет бағасының қымбаттауына қарсы акция бастады. Флешмоб #мен_қарсымын хэштегімен өтіп жатыр.

Тәжікстанның монополияға қарсы қызметі елде интернет бағасын 60 пайызға қымбаттатуды тапсырды. Елде трафиктің бір мегабайты 5 дирам, ал бір гигабайт – 50 сомони (шамамен 6 доллар) тұрады. Салығы мен акцизін қоса есептесек, бір гигабайт 63 сомониге дейін барады. Қазір 1 Гб орташа есеппен 30–35 сомони тұрады. Жаңа тариф 27 наурызда күшіне енеді.

Әлеуметтік желі қолданушылары билік көпшілік пікірін ескереді деп үміттенеді. Әлішер Әлихоновтың қарсылық белгісі ретінде аватарын өзгерткеніне бірнеше күн болды. Онда "Мен қарсымын! Біз қарсымыз! Халық қарсы!" деп жазылған.

Бұдан бөлек, интернет тұтынушылар президент Эмомали Рахмонға жазылған үндеуге қол жинай бастады. Бірақ Change.org сайты соңғы күндері Тәжікстанда ашылмай тұр.

XS
SM
MD
LG