Ссылки доступа

Қырғызстандағы тәжік анклавы тұрғындары наразылық танытты (видео)


13 наурызда Қырғызстанның Баткен облысының аумағындағы Ворух тәжік анклавы тұрғындары Ош (Қырғызстан) - Исфана (Тәжікстан) тас жолының Жака - Орук бөлігін жапқан. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің Баткендегі тілшісінің хабарлауынша, анклав тұрғындары Ақ-Сай - Тамдык жолының салынуына қарсылық танытқан. Екі елдің шекарасының маңына Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтары жиналып, бір-біріне тас атқаны да айтылды. Қазір жағдайды екі елдің шекарашылары бақылауға алған.

Өткен аптада Ворух анклавының маңынан өтетін Ақ-Сай - Тамдык жолының құрылысы қайта жалғасқан. Жергілікті билік өкілдері жиналған халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Ал Баткен облысының билігі тәжік тарапымен де келіссөз басталғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG